Accessibility links

Ресей Қырымға арналған банкнот шығарды


Қырымға арнап шығарылған 100 рубльдік банкнот.

Қырымға арнап шығарылған 100 рубльдік банкнот.

Ресейде Украинадан аннексиялап алған Қырым түбегіне арнап құны 100 рубль банкнот шығарды. Банкнотта Севастопольде суға батқан кемеге арналған ескерткіш пен Ялта маңындағы "Ласточкино гнездо" сарайы бейнеленген. Банкноттың бір жағына 18-ғасырда Ресей империясы шекарасын ұлғайтқан екінші Екатерина патшайымның суреті басылған.

Ресей орталық банкі бұл банкноттың 20 миллион данасын шығару жоспарланғанын мәлімдеді. Бұған дейін Қырымға арналған 10 рубльдік банкнот шыққан.

Ресей Қырымды 2014 жылы сәуірде, әскери күш қолдана отырып басып алған. Бұған жауап ретінде Батыс елдері Ресейге санкциялар салды.

XS
SM
MD
LG