Accessibility links

Сауд Арабиясы: Ауруханадағы өрттен 25 адам мерт болды


Құтқарушылар өрт шыққан перзентханадан адамдарды шығарып жатыр. Джизан, Сауд Арабиясы, 24 желтоқсан 2015 жыл.

Құтқарушылар өрт шыққан перзентханадан адамдарды шығарып жатыр. Джизан, Сауд Арабиясы, 24 желтоқсан 2015 жыл.

Сауд Арабиясында ауруханада өрт болып, 25 адам қаза тапты. Сауд Арабиясы билігінің хабарлауынша, елдің Джизан қаласында орналасқан перзентханадағы өрттен 107 адам зардап шеккен.

Өрт 24 желтоқсан күні таңертең перзентхананың бірінші қабатынан шыққан. Азаматтық қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қазір өрт сөндіріліп, оның себептері тексеріліп жатыр.

Өрттен зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған.

XS
SM
MD
LG