Accessibility links

АҚШ-та дауылдан 6 адам қаза тапты


АҚШ-та тұрған дауылдардың бірі. (Көрнекі сурет).
АҚШ-та тұрған дауылдардың бірі. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың бірнеше штатында дауылдан алты адам опат болды. Индиана, Миссисипи, Теннеси және Арканзас штаттарында тұрған құйын құрылыстарды қиратып, кісі өліміне себеп болған.

Полицияның мәліметінше, екі адам мерт болып, екі адам із-түзсіз жоғалған Миссисипиде бірнеше үлкен үй іргетасымен бірге қираған. Көлікте ата-анасымен бірге отырған жас бала көлік аударылғанда қаза тауып, туыстары ауруханаға түскен. Штаттың солтүстік бөлігінде жиырма шақты үй қираған. Төрт миллион тұрғыны бар аймақта құйын тұру қаупі туған.

Бірнеше қалада адамдар паналайтын орындар ашылған. Биыл АҚШ-та жаңа жыл қарсаңында ауа-райы ерекше жылы болып тұр. Тек елдің жартысына жуық аймағында мерекеде қар жаууы мүмкін.

XS
SM
MD
LG