Accessibility links

Дамаск: Оппозициямен келіссөзге дайынбыз


Сирия сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем.

Сирия сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем.

Сирия қаңтардың соңында Женевада БҰҰ арағайындығымен өтеді деп жоспарланған оппозициямен бейбіт келіссөзге қатысуға дайын екенін білдірді.

Пекинге сапарында Сирия сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем диалог елде ортақ үкімет құруға септесетінінен үмітті екенін айтты. Ол келіссөзде өзге елдердің килігуіне жол бермейтінін де ескертті. Муаллемнің сөзінше, Сирия үкіметінің делегациясы оппозиция келіссөзге қатысатын өз өкілдері тізімін ұсынған соң ғана анықталады.

18 желтоқсанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сириядағы қақтығысты саяси жолмен кезең-кезеңімен реттеу туралы халықаралық жоспарды қолдайтын қарар қабылдаған. Халықаралық келісім жоспары қақтығысушы жақтардың атысты тоқтатып, оппозиция өкілдері тартылатын жаңа үкімет құруын көздейді.

БҰҰ мәліметі бойынша, Сириядағы төрт жылдан асқан азаматтық соғыста үш жүз мыңнан астам адам мерт болып, үш миллионнан астам адам баспанасынан айырылған.

XS
SM
MD
LG