Accessibility links

Алматы метрополитенінің бұрынғы басшысы сотталды


Алматы метросының "Мәскеу" бекеті. (Көрнекі сурет).

Алматы метросының "Мәскеу" бекеті. (Көрнекі сурет).

Алматы метрополитетінің бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаев "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленді" деген айыппен тоғыз жылға сотталды.

Алматы қалалық сотының хабарлауынша, Медеу аудандық соты Өкшебаевты бес жылға дейін мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқаруына тыйым салып, дүние-мүлкін тәркілеуге үкім еткен.

Тергеу деректері бойынша, Өкшебаев бірнеше адаммен "алдын ала қылмыстық сөз байласып, метро құрылысына қажетті электр сымдарының бағасын асыра көрсету арқылы 2,5 миллиард теңге бюджет қаржысын жымқырған". Өкшебаевпен бірге айыпталған оның орынбасары Ербол Қалдыбаев пен "СредАзЭнергоСервис" фирмасының директоры Константин Антипов сегіз жылға сотталған.

Өкшебаев 17 шілдеде қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG