Accessibility links

Қыдырбаев пен Өтешов "допинг айыбына" ілінді


Жасұлан Қыдырбаев әлем чемпионатының алтынын алған сәт. Алматы, 14 қараша 2014 жыл.

Жасұлан Қыдырбаев әлем чемпионатының алтынын алған сәт. Алматы, 14 қараша 2014 жыл.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Хьюстонда өткен әлем чемпионаты кезінде қазақстандық Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайдың қанынан допинг табылғанын мәлімдеді. Хьюстондағы әлем чемпионатында Алмас Өтешов күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль алған.

Үш спортшы да алдағы жарыстардан уақытша шеттетілді.

IWF өз сайтында спортшылардың қандары екінші рет тексерілетінін, егер допинг қолданғандары дәлелденбесе, жарыстарға қайта қатысатынын мәлімдеген.

Ал екінші тексерісте допинг қолданғандары дәлелденсе, ауыр атлеттер екі жылға спорттан шеттетіліп, Рио-де-Жанейродағы олимпиадаға бармайды.

Хьюстондағы әлем чемпионатында Қазақстанның ауыр атлеттер құрамасы екі алтын, екі күміс бір қола медаль иеленген еді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG