Accessibility links

Ресей Үндістанда алты АЭС салмақ


Ресей президенті Владимир Путин Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесуде. Мәскеу, 24 желтоқсан 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесуде. Мәскеу, 24 желтоқсан 2015 жыл.

Ресей Үндістанда алдағы 20 жылда кем дегенде алты жаңа атом электр станциясын (АЭС) салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесуден соң мәлімдеді. Ол бұған қоса, Мәскеу мен Дели бірлесіп соңғы үлгідегі жойғыш ұшақ пен жүк тасымалдайтын ұшақ жасайтынын да айтты.

Кремль таратқан баспасөз хабарламасында Путин екі ел ынтымақтастығының, оның ішінде жақын саяси және экономикалық байланыстардың "ерекше" екенін баса айтқан. Кездесуден соң Моди "Ресейді Үндістанның экономикалық өркендеуі жолындағы маңызды серіктесі деп білемін" деп мәлімдеді.

Нарендра Моди Мәскеуге 23 желтоқсан күні барып, Путинмен жеке кешкі ас ішкен. Ресей мен Үндістан қырғиқабақ соғыс кезінен бері тығыз ынтымақтастық орнатқан. Екі ел қазір де БРИКС елдері тобы аясында өзара қарым-қатынас жасайды.

XS
SM
MD
LG