Accessibility links

ИМ содырларының отбасылары Дамаскіден кетеді


Дамаск маңындағы соғыстан қираған аудан. Сирия.

Дамаск маңындағы соғыстан қираған аудан. Сирия.

БҰҰ ара ағайындығымен жасалған Сирия бейбіт келісімі бойынша, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларының отбасылары мен кейбір жараланған содырлар Дамаскінің оңтүстік аудандарындағы көтерілісшілер бақылауындағы аудандардан кететін болды.

Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымының басшысы Рами Абдулрахамның айтуынша, ИМ содырларының отбасыларына арналған "қауіпсіз дәліз" Дамаск түбіндегі палестиналық босқындардың Ярмук және көршілес Хаджар әл-Асвадтағы лагерінен беріледі.

Бұл адамдардың барлығы алдағы айларда ИМ бақылауындағы Сирияның солтүстігіндегі Ракка мен басқа да аймақтарға жеткізіледі. Құқық қорғау ұйымы аймаққа адамдарды тасымалдауға бірнеше автобус барғанын айтады.

XS
SM
MD
LG