Accessibility links

Меркельге жылаған қызға Германия баспана бермек


Германия канцлері Ангела Меркель палестиналық қыз Рим Сахлвильмен кездесіп тұр. Росток, Германия, 15 шілде 2015 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель палестиналық қыз Рим Сахлвильмен кездесіп тұр. Росток, Германия, 15 шілде 2015 жыл.

Ангела Меркельдің "депортацияланасың" деген сөзіне жылап жіберген палестиналық қыз Рим Сахлвильге Германияда тұруға рұқсат етілді. Bild басылымының хабарлауынша, Сахлвиль Германияда 2017 жылдың қазан айына дейін тұра алады. Сахлвиль жергілікті БАҚ назарына Меркельден "менің отбасым Ливанға депортациялануы мүмкін бе?" деп сұраған соң ілінген еді.

Басылым Сахлвильге Германияда қалуға рұқсат берілгені жөніндегі ақпаратты елдің шығысындағы Росток қаласының иммиграциялық кеңсесінен алғанын хабарлады. Қыздың ата-анасы мен ағасы да Германияда қала алады.

Меркель биыл шілдеде Ростокта оқушылармен кездесуінде "саясат кейде күрделі нәрсе" екенін және "Германия барлық иммигранттарды бірдей қабылдай алмайтынын" айтқан. Бұл сөзінен соң Меркельге көп сын айтылған. Меркель Таяу Шығыстағы қақтығыстардан қашқан босқындарға Германия шекарасын ашқан соң Time журналы мен Financial Times оны "Жыл адамы" деп атады.

XS
SM
MD
LG