Accessibility links

Байқоңырдан "Протон" ұшты


Байқоңырдан "Протон-М" зымыранын ұшыру сәті. 28 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет).
Байқоңырдан "Протон-М" зымыранын ұшыру сәті. 28 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Экспресс-АМУ1" телекоммуникациялық ғарыш аппаратын тіркеген ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшты.

25 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 3:31-де ұшқаннан 10 минуттан соң ғарыш аппараты мен оған тіркелген "Бриз-М" үдеткіш аппараты зымыранның үшінші бөлігінен ажырап, орбитаға шыққан.

Зымыран ұшыру әуелде 24 желтоқсанға жоспарланған. Бірақ ауа-райының нашар болуына байланысты ол кейінге қалған.

Биыл мамырда Байқоңырдан мексикалық MexSat-1 спутнигін алып ұшқан "Протон-М" зымыран тасығышы апатқа ұшырап, кейін бұл зымырандарды ұшыру уақытша тоқтатылған.

XS
SM
MD
LG