Accessibility links

Суретші Павленскийді қамау мерзімі ұзарды


Суретші Петр Павленский ФСБ кеңсесінің есігін өртеу кезінде. 9 қараша 2015 жыл.

Суретші Петр Павленский ФСБ кеңсесінің есігін өртеу кезінде. 9 қараша 2015 жыл.

Мәскеудің Таганский аудандық соты Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) кеңсесінің есігін өртемек болғаны үшін "вандализм жасады" деп айыпталған суретші Петр Павлинскийді қамау мерзімін 6 ақпанға дейін ұзартты.

Павленский 9 қарашаға қараған түні, ФСБ кеңсесі есігіне бензин шашып өртемек болған соң ұзамай ұсталған. Суретшінің өзі өртеу әрекетін "қоғамның террор қаупіне қарсы шарасы" деп атаған. Павленскийдің пікірінше, ФСБ "террор әдісін қолданып әрекет етеді және 146 миллион адамның үстінен билік жүргізіп отыр".

Павленский бұған дейін саяси қарсылық ретінде Қызыл алаңда дене мүшесін жерге шегемен қағып, психиатриалық аурухананың шатырына шығып құлағының ұшын кескен.

XS
SM
MD
LG