Accessibility links

Ресей зымыраны Қазақстандағы нысананы атты


Ресейдің "Тополь-М" құрлықаралық баллистикалық зымыраны.

Ресейдің "Тополь-М" құрлықаралық баллистикалық зымыраны.

Ресей Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонынан Қазақстанның Сарышаған полигонындағы шартты нысананы дәлдеп зымыран атты.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, РС-12М "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыраны 24 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша түнгі сағат 23:55-те атылған. Мәскеу "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыранын әскери жарақтану дайындығын тексеру үшін атылған дейді.

Ресей бұған дейін бірнеше мәрте Астрахандағы "Капустин Яр" полигонынан "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген. Ол зымырандардың барлығы Сарышаған полигонындағы шартты нысанаға бағытталып, дәл тиген. Соңғы сынақ биыл тамыз айында жасалған. Ол кезде де "Тополь" Сарышағандағы шартты нысананы атып түсірген.

Ресей Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады.

XS
SM
MD
LG