Accessibility links

ААФ: Допинг фактісін өзіміз де тексереміз


Жасұлан Қыдырбаев әлем чемпионатының алтынын алған сәт. Алматы, 14 қараша 2014 жыл.

Жасұлан Қыдырбаев әлем чемпионатының алтынын алған сәт. Алматы, 14 қараша 2014 жыл.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы (ААФ) қазақстандық атлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайдың допинг дауына ілігуіне байланысты ресми мәлімдеме жасап, бұл фактіні өз ішінде тексеретінін айтты.

24 желтоқсанда Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Хьюстонда өткен әлем чемпионатында Қыдырбаев, Өтешов пен Өміртайдың қанынан допинг табылғанын мәлімдеп, үшеуін де алдағы жарыстардан уақытша шеттеткен.

IWF спортшылардың қандары екінші рет тексерілетінін, егер допинг қолданғандары дәлелденбесе, жарыстарға қайта қатысатынын мәлімдеген. Егер екінші тексерісте допинг қолданғандары дәлелденсе, ауыр атлеттер екі жылға спорттан шеттетіліп, Рио-де-Жанейродағы олимпиадаға бармайды.

"IWF шешімінің уақытша екенін ескеріп, бұл факт бойынша мүдделі ведомство мен қазақстандық федерацияда ішкі тексеру жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша екінші тексерісте алынатын сынаманы ашуды сұрап, шағым беруіміз мүмкін" дейді ауыр атлетика федерациясы ресми сайтында.

Хьюстондағы әлем чемпионатында Қазақстанның ауыр атлеттер құрамасы екі алтын, екі күміс бір қола медаль иеленген еді.

XS
SM
MD
LG