Accessibility links

CPJ: Қазақстан билігі Байдалинованы босатсын


Халықаралық "Журналистерді қорғау комитетінің" ресми сайтынан скриншот. (Көрнекі сурет).
Халықаралық "Журналистерді қорғау комитетінің" ресми сайтынан скриншот. (Көрнекі сурет).

Қазақстан билігі полиция тінтуінен кейін үш күнге қамалған оппозициялық Nakanune.kz сайтының иесі Гузяль Байдалинованы дереу босатуы тиіс деп мәлімдеді халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists).

Байдалинова 23 желтоқсанда уақытша қамау абақтысына үш күнге қамалған. Алматы полициясы оның "тапсырыспен жазылған" мақалаларды Nakanune.kz сайтында жариялануына қатысы бар дейді.

"Қазақстан Гузяль Байдалинованы дереу босатып, журналистерді кәсіби қызметі үшін қудалауды тоқтатуы тиіс. Билік баспасөз өкілдерін тұтқындаудың орнына, журналистерді қылмыстық қудалауға жол ашатын, теріс пайдалануға ыңғайлы әрі ақпарат ағынына теріс әсер ететін заңды өзгертуі тиіс" дейді ұйымның Еуропа және Орталық Азия бағдарламаларының үйлестірушісі Нина Огнянова.

"Республика" мен Nakanune.kz интернет ресуртарында "көпе-көрінеу жалған ақпарат" тарату айыбы бойынша сотқа дейінгі тергеу "Казкоммерцбанктің" шағымы бойынша басталған. 18 желтоқсанда Nakanune.kz сайтының редакциясына, сайт журналистері Юлия Козлова мен Гузяль Байдалинованың пәтеріне тінту жүргізіліп, компьютерлер мен кеңсе техникалары тәркіленген. Сайт редакциясының есігі мөрленген.

Freedom House ұйымы Байдалинова қамалғанға дейін Қазақстан билігін тәуелсіз ақпарат құралдары, журналистер мен олардың отбасыларын қорқытып-үркітуді тоқтатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG