Accessibility links

Reuters: ИМ тұтқын органын алуға рұқсат еткен


ИМ содырлары түскен видеодан скриншот. (Көрнекі сурет).

ИМ содырлары түскен видеодан скриншот. (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы қолға түскен тұтқындардың органдарын "мұсылмандар өмірін сақтап қалу үшін" пайдалануға рұқсат еткен. Бұл туралы Reuters агенттігі редакцияға түскен ИМ-нің 2015 жылдың 31 қаңтарда шықты делінген құжатына сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік ақпаратына қарағанда, нөмірі 68-пәтуа деп аталған құжатта "Діннен безген адамдардың дене органдары мен олардың өмірі құрметтеуге тұрмайды және ешқандай аяушылық сезімінсіз оны пайдалануға болады. Тұтқынның өліміне әкеп соқтырса да органын алуға тыйым салынбайды" делінген құжатта.

Бірақ құжатта ИМ-нің адам органын алғанына және оны сатқанына ешқандай дәлел келтірілмеген. "Діннен безген" деген сөзге де нақты түсінік берілмеген. Дегенмен, ИМ содырлары өз көзқарастарын қолдаймайтын христиан, мұсылман шииттерді, сүнниттерді де басып алып, өлтіреді.

Reuters аталған құжаттың растығын анықтай алмай отыр. Агенттік тек пәтуа америкалық арнайы қызмет мамыр айында Сирияның шығысында жасаған рейді кезінде тапқан құжаттары арасында болған дейді.

XS
SM
MD
LG