Accessibility links

"Болотный ісімен" сотталушы бостандыққа шықты


"Болотный ісі" бойынша сотталып, бостандыққа шыққан Андрей Барабанов.

"Болотный ісі" бойынша сотталып, бостандыққа шыққан Андрей Барабанов.

Ресейде "Болотный ісі" бойынша сотталған Андрей Барабанов бүгін бостандыққа шықты деп хабарлады Twitter-де "Комитет 6 мая" еріктілер қауымдастығы. Барабановтың өзі Азаттықтың Орыс редакциясымен сұхбатында босатылғанына қатты қуанып тұрғанын айтқан.

Андрей Барабанов 2012 жылы 28 мамырда тұтқындалып, 2014 жылы 24 ақпанда 2012 жылы 6 мамыр күні Мәскеудегі Болотный алаңындағы "жаппай тәртіпсіздіктерге" қатысы бар деген айыппен үш жыл жеті айға сотталған.

"Болотный ісі" қойынша қылмыстық іс 2012 жылы 6 мамырдағы "Миллиондар маршы" биліктің мәлімдеуінше "жаппай тәртіпсіздікпен" аяқталған соң қозғалған. Қазір бұл іс бойынша 34 адам қамауда отыр. Құқық қорғаушылар "Болотный ісінің" саяси астары бар деп санап, ол бойынша сотталғандарды "саяси тұтқындар" деп таныған.

XS
SM
MD
LG