Accessibility links

Ауғанстандағы жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін түнде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 858 километр қашықтықта 7,1 магнитудалы жер сілкінісі болды деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Астана уақыты бойынша түнгі сағат бірден он төрт минут өткенде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында, 200 километр тереңдікте болған деп хабарланды.

Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз бен Шымкентте үш балдық (МSК-64 шкаласы бойынша) жер сілкінісі сезілген.

XS
SM
MD
LG