Accessibility links

Қырғыз энергетика компаниялары шығынға батқан


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2015 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша, Қырғызстандағы алты мемлекеттік энергетика кәсіпорындарының барлығы шығынға батып отыр. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне осы елдің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қоры баспасөз қызметі хабарлады.

Оның деректері бойынша, шығынмен жұмыс істейтін компаниялар тізімінде «Электр станциялары, «Қырғызстан ұлттық электр желілері», «Солтүстікэлектр», «Ошэлектр», «Шығысэлектр» және «Жалалабатэлектр» ашық акционерлік қоғамдары бар.

Қордың баспасөз қызметінің түсіндіруінше, энергетика компанияларының шығынға батуына доллар бағамының өсуі және электр қуаты үшін алынатын тарифтердің кіріс кірмейтіндей шамада белгіленуі себеп болып отыр.

XS
SM
MD
LG