Accessibility links

Вена полициясы: Еуропаға теракт қаупі төніп тұр


Австрия полицейлері Венадағы Хофбург замогі алдында тұр. 20 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

Австрия полицейлері Венадағы Хофбург замогі алдында тұр. 20 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

Австрия астанасы Вена қаласының полициясы жаңа жыл қарсаңында Еуропа елдерінің астаналарында шабуылдар мен жарылыстар жасау қаупі барын ескертіп, хабарлама таратты.

Вена полициясының мәлімдемесінде «дос елдердің» барлау қызметінен алынған деректерде дайындалып жатқан терактілер қаупі жайлы, бірнеше күдіктінің аты-жөніне дейін атап көрсетілгені айтылған.

Австрия полициясы отандастарын сақтық шараларының күшейтілуіне түсініспеушілікпен қарауды сұраған және Еуропа елдеріндегі әріптестерін қоғамдық орындар мен көліктер көп жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырған.

Теракт қаупі туралы ескерту рождество мерекесі қарсаңында түскені белгілі болып отыр, бірақ полиция мәлімдемесінде оның егжей-тегжейі айтылмаған.

XS
SM
MD
LG