Accessibility links

Ердоған: Асадпен бір коалицияға кірмейміз


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы Ирак, Иран, Ресей және Сирия біріккен коалицияға кіруден Анкараның бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы Ердоғанның «Әл-Арабия» телеарнасына берген сұхбатының толық нұсқасы жексенбі күні көрсетіледі деп хабарланды.

Түркия лидерінің сөзінше, ол аталған коалицияға енуді ұсынған Ресей президенті Владимир Путинге жауабында билікте отырғаны қаншалықты заңды екендігі күмән туғызатын президентпен (әңгіме Сирия президенті Башар Асад туралы – ред.) қатар отыра алмайтынын мәлімдеген.

Сонымен бірге Ердоған Түркия мен Иран арасында аймақтағы проблемаларға қатысты алшақтық барын айтып, «Таяу Шығыс аймағына жік түсіруі ықтимал ұсақ-түйек астыртын іс-әрекеттер» қаупіне назар аударған.

XS
SM
MD
LG