Accessibility links

Қытай қарулы кемесі даулы арал маңына барды


Қытай мен Жапония арасындағы даулы аралдар.
Қытай мен Жапония арасындағы даулы аралдар.

Қытай жағалау күзетінің қарулы кемесі Шығыс-Қытай теңізіндегі даулы аралдар (жапондар оны Сенкаку, қытайлар – Дяоюйдао деп атайды) маңына барды.

Жапония жағалау күзеті аталған ауданға Қытай қарулы кемесі алғаш рет барып отырғанын айтады.

Қытай болса өзінің жағалау күзеті кемелерінде стандартты құрал-жабдықтар орнатылғанын және «Қытай территориясына жататын теңіз аймағында» жүрген кемелері ешқандай заңсыз іс-қимылға бармағанын мәлімдеген.

Бұл даулы аралдар 19-ғасырдың соңында – Қытаймен соғыста жеңіске жеткен Жапонияға өткен. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң аралдар америкалық оккупациялық билікке қарады, ал кейін Жапонияға берілген.

2012 жылы қыркүйекте Жапония үкіметі аралдарды жеке меншік иелерінен сатып алған.

Пекин бұл аралдар бір кездері өз иелігінен тартып алынған деп санайды және оларды өзіне қайтаруды талап етеді.

XS
SM
MD
LG