Accessibility links

«Талибан» ИМ жайлы Ресеймен байланысы жоғын айтады


«Талибан» қозғалысы мен ИМ тобына қарсы акцияға қатысушылар. Кабул, 23 қаңтар 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
«Талибан» қозғалысы мен ИМ тобына қарсы акцияға қатысушылар. Кабул, 23 қаңтар 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысының өкілдері «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы күреске қатысты Ресеймен ешқандай келіссөздер өткізіп жатпағанын мәлімдеді.

«Біз арабша ДАИШ деп аталатын ИМ тобына қарсы күрес мәселесінде әлдекімнің жәрдемін қажетсінбейміз және біз келіссөздер өткізіп жатқан жоқпыз, бұл мәселе бойынша ешкіммен де байланыс орнатқан емеспіз» делінген «Талибан» қозғалысы сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігінде Ауғанстанда ИМ тобына қарсы күресте «Талибан» мүддесі ресейліктердікіне сай келеді деп айтқаны туралы «Интерфакс» агенттігіне Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов мәлімдеген. Сонымен бірге ол осыған дейін «Талибан» қозғалысымен ақпарат алмасу үшін байланыс арналары барын мәлімдегенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG