Accessibility links

Сербияда жемқорлық қылмысына күдікті 80 адам ұсталған


Сербия полициясы коррупцияға қарсы шара барысында ұсталған күдіктіні әкетіп барады. Белград, 26 желтоқсан 2015 жыл.

Сербия полициясы коррупцияға қарсы шара барысында ұсталған күдіктіні әкетіп барады. Белград, 26 желтоқсан 2015 жыл.

Сербияда сенбі күні соңғы онжылдықтағы коррупцияға қарсы ең ірі шара барысында 80 адам ұсталған.

Полицияның қолына түскендер арасында бұрынғы ауыл және орман шаруашылығы министрі Слободан Милосавльевич, коррупцияға қарсы күрес мекемесінің бұрынғы басшысы Зорана Маркович, мемлекеттік компаниялардың жетекші қызметкерлері, бұрын үкіметте жауапты қызмет атқарған екі шенеунік және бірнеше мэр бар.

Олардың барлығына қызмет өкілетін асыру, арам ақшаны заңдастыру және 2004 жылдан бергі уақыт ішінде жасалған басқа да қаржы қылмыстарына қатысты айыптар тағылған. Заң орындарының мәліметі бойынша, жасалған қылмыстар салдарынан жалпы сомасы 70 миллион доллардың нұқсаны келген.

14 желтоқсанда Сербия Еуропа Одағы басшылығымен одаққа кіру мәселесі бойынша келіссөздер бастаған. Брюссельдің қойған талабы бойынша, Белград коррупция мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізіп отырғанына дәлелдер келтіруі тиіс. 1990-жылдары болған Балкан соғысынан кейін бұрынғы Югославия аумағында әлгіндей қылмыс түрлері кең қанат жайған еді.

XS
SM
MD
LG