Accessibility links

АҚШ: Техаста торнадо 22 адамды мерт қылды


Торнадо. (Көрнекі сурет.)

Торнадо. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-тың Техас штатында жойқын торнадо салдарынан қаза тапқандар саны 22 адамға жеткен. АҚШ-тың оңтүстік бөлігінен өткен алапат дауыл Даллас маңында ондаған үйді бүлдіріп кеткен. Техастан өзге Миссисипи, Теннесси, Арканзас және Алабама штаттарында да жиыны 18 адам опат болып, 60-тан аса адам зардап шеккен, олардың көбі қатты жараланған.

АҚШ-тағы әуе қатынасы жиі әуежайлардың біріне жататын Даллас аэропорты қатты дауылға байланысты уақытша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Америкалық АВС телеарнасының хабарлауынша, табиғи апат елдегі бес штатта мыңнан аса тұрғын үйге зардап әкелген, Алабама штатында тасқын су жайылып, салдарынан екі жүзге жуық жол жабылған.

XS
SM
MD
LG