Accessibility links

Бірқатар облыстарда жолдар жабылды


Қарағанды облысындағы жолаушылар автобусы. (Көрнекі сурет.)

Қарағанды облысындағы жолаушылар автобусы. (Көрнекі сурет.)

Ауа райының нашарлауына байланысты бүгін Ақмола, Қарағанда және Павлодар облыстарында бірқатар жолдар жабылды деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар қызметі.

Ақмола облысында боран тұрып, жолды көру нашарлағандықтан Екатеринбург-Алматы көлік жолының Астана мен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі бөлігінде қоғамдық автокөліктер қозғалысы тоқтатылған.

Қарағанды облысында боран мен көктайғаққа байланысты Қарағанды-Павлодар жолының Павлодар облысы шекарасына дейінгі учаскесінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылған. Теміртау қаласы мен Ақмола облысы шекарасына дейінгі жол бөлігінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылған.

Павлодар облысында боран мен көктайғақ болуына байланысты, Қызылорда-Павлодар автокөлік жолының Шідертіден Қарағанды облысы шекарасына дейінгі учаскесі уақытша жабылған.

XS
SM
MD
LG