Accessibility links

Украина ұлттық гвардиясында шетелдіктер қызмет ете алады


Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко шетел азаматтарының ұлттық гвардияда қызмет етуіне рұқсат ететін заңға қол қойды.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Порошенко қолданыстағы заңға бұл мәселеге қатысты түзетулер енгізуді мақұлдаған.

Заң бойынша, енді шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ, бірақ Украина территориясында заңды түрде жүрген азаматтар ұлттық гвардияда қызмет ете алады.

Украина ұлттық гвардиясының басшысын тек президент тағайындап, орнынан босата алады.

XS
SM
MD
LG