Accessibility links

Ирак армиясы Рамадиді алғанын хабарлады


Рамадидің орталығында жүрген Ирак әскери көліктері. 27 желтоқсан 2015 жыл.

Рамадидің орталығында жүрген Ирак әскери көліктері. 27 желтоқсан 2015 жыл.

Ирак армиясы Анбар провинциясының орталығы, Бағдадтан батысқа қарай орналасқан Рамади қаласын алғанын жариялады. Рамадиді қайтарып алу - Ирак армиясының елдің солтүстік және батыс бөлігін басып алған "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған - ред.) экстремистік ұйымымен бір жарым жылғы күресіндегі ең ірі жеңісі саналады.

Рамади қаласы бірнеше апта бұрын қоршауға алынған. Ирак армиясы 27 желтоқсанда қаланың әкімшілік ауданын алғанын хабарлады. Ирак әскерилерінің сөзінше, операцияның соңғы кезеңінде қаланың әр тұсында қарсылық көрсетіп жатқан қалған содырлардың көзін жою міндеті тұр.

Америкалық әскерилер ИМ-ге қарсы әскери операцияға жетекшілік ететін АҚШ бастаған коалиция ирак армиясының Рамадидегі әкімшілік кешенді алғанын әзірге растай алмайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG