Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысында қуаты 5 магнитудаға жететін жер сілкінісі болды деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық мәліметтер орталығы.

Орталық мәліметінше, жер сілкінісі 28 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 00:39-да Өскеменнен оңтүстік-шығысқа қарай 205 километр қашықтықта, Қазақстан аумағында тіркелген.

Ал білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығының хабарлауынша, сілкініс жердің 15 километр тереңдігінде болған. Тербеліс күші Күршімде 2 балл, Зайсанда 2-3 балл болып сезілген.

XS
SM
MD
LG