Accessibility links

Сенат ҰҚК жаңа басшысын тағайындауға келісім берді


Парламент сенаты. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты бүгін пленарлық отырысында Владимир Жұмақановты Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы етіп тағайындау ұсынысын қолдады. Тағайындауға келісім беруді президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин сұраған.

Өткен жұма күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұртай Әбіқаевты ҰҚК төрағасы қызметінен босатып, сенат депутаты етіп тағайындаған. Назарбаев ҰҚК қызметіне Әбіқаевтың бірінші орынбасары болған Владимир Жұмақановты ұсынған.

Назарбаев 25 желтоқсан күні туған ағасының ұлы - 38 жастағы Самат Әбішті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындаған.

XS
SM
MD
LG