Accessibility links

Нарымбаев сотында судьяға қарсылықты қабылдамады


Азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев (сол жақта) пен Серікжан Мәмбеталин сотта тұр. Алматы, 28 желтоқсан 2015 жыл.

Азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев (сол жақта) пен Серікжан Мәмбеталин сотта тұр. Алматы, 28 желтоқсан 2015 жыл.

Алматының Алмалы аудандық сотының төрағасы Қуаныш Әріпов азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың ісін қарап жатқан судья Марал Жарылғасоваға қарсылықты қабылдамай тастады.

Судьяға қарсылықты бүгін Ермек Нарымбаевтың қоғамдық қорғаушысы Арман Нарымбаев берген. Бүгін, мұның алдында, судья Ермек Нарымбаевтың әкесі Ерсайын Нарымбаевты сотқа өзінің қоғамдық қорғаушысы ретінде қатыстыруды сұраған өтінішін қабылдамай қойған. Бұдан соң Нарымбаев судьяға қарсылық білдіріп, судья оны да қабылдамай тастаған.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев биыл қазан айында тұтқындалған. Мәмбеталин мен Нарымбаев Facebook-те авторы "Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков" деген кітаптың үзіндісін жариялағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Белсенділер қазан айында үйлеріне тінту жүргізілгеннен кейін ұсталып, содан бері қамауда отыр. Мәмбеталин мен Нарымбаев өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG