Accessibility links

АҚШ-та дауыл құрбандары саны 40 адамнан асты


АҚШ-та тұрған дауылдардың бірі. (Көрнекі сурет).

АҚШ-та тұрған дауылдардың бірі. (Көрнекі сурет).

АҚШ-та дауылдан қаза тапқандар саны 40 адамнан асты. Техаста бірнеше рет болған дауыл мен одан кейінгі жолдағы апаттардан кем дегенде 11 адам қаза тапты.

Миссури мен Иллинойс штаттарында су тасқынынан 13 адам опат болған.

Техастағы құйын 26 желтоқсанда Даллас пен оның маңынан басталған. Онда жүздеген үй зақымданып, бірнеше үй толық қираған. Күшті жел ғимараттардың шатырын ұшырып, ағаштарды құлатып, электр желілерін үзген. АҚШ-тағы ең ірі әуежайлардың бірі - Даллас әуежайы рейстерді ұшыру мен қарсы алуды уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.

Миссисипи, Теннеси, Арканзас және Алабама штаттарында 18 адам мерт болғаны хабарланды.

АҚШ ұлттық метеорологиялық қызметі күннің оқыстан жылынуына байланысты тұрған дауыл бірнеше күн тұруы мүмкін деп ескертеді.

XS
SM
MD
LG