Accessibility links

Назарбаев Азия даму банкінен займ алуды қолдады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы займ жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.

Парламенті Азия даму банкінен 1 миллиард АҚШ долларына тең несие алу туралы келісім жобасын өткен аптада мақұлдаған.

Қаржы 2016 жылғы бюджет тапшылығын жоюға жұмсалады. Бұған дейін қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Азия даму банкі қаржыны бес жыл мерзім ішінде қайтару шартымен беріп отырғанын айтқан. Азия даму банкі тамыз айында несие Қазақстанға "әлемде мұнай бағасының күрт арзандауы мен көршілес елдер экономикасының құлдырауының кері әсерін азайтып, қаржылық еркіндікке қол жеткізу үшін" берілетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG