Accessibility links

СІМ: Сауд Арабиясында қазақстандық үш студент ұсталған


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана. (Көрнекі сурет).

Сауд Арабиясында ұсталды делінген қазақстандық үш студент Медине ислам университетінде оқиды деп хабарлады бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ).

Азаттыққа берген ресми ақпаратында министрліктің баспасөз қызметі үш азамат 20 желтоқсанда ұсталғанын айтады. "Үшеуі де Медине қаласындағы ислам университетінің студенттері. Қазір Сауд Арабиясындағы елшілігіміз олардың не себепті ұсталғанын анықтап жатыр" делінген хабарламада.

Бұған дейін Al Jazeera басылымы өзінің дереккөзіне сілтеме жасап Сауд Арабиясында терроризм күдігімен бес қазақстандық ұсталғанын хабарлаған.

Министрлік ақпарат құралдарындағы бес қазақстандық туралы шекара қызметі ешқандай ресми ақпарат алмағанын, қазір ол ақпарат тексеріліп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG