Accessibility links

Ермек Нарымбаевты соттан ауруханаға әкетті


Азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев сотта тұр. Алматы, 9 желтоқсан 2015 жыл.
Азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев сотта тұр. Алматы, 9 желтоқсан 2015 жыл.

Азаматтық белсенді, "алауыздық тудырды" деген айыппен сотталып жатқан Ермек Нарымбаевты бүгін Алмалы аудандық сотынан ауруханаға әкетті. Нарымбаев өзін нашар сезінген соң бойынша шақыртылған жедел жәрдем оның қан қысымы көтеріліп кеткенін анықтап, оны ауруханаға жатқызу қажет деп тапқан.

Дәрігерлер осы іс бойынша сотталып жатқан тағы бір белсенді Серікжан Мәмбеталиннің де қан қысымы жоғары екенін анықтаған. Бірақ белсенді ауруханаға жатудан бас тартты.

Екі белсендінің сотын қарап жатқан судья Марал Жарылғасова сот отырысын белгісіз мерзімге дейін кейінге қалдырды.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев биыл қазан айында тұтқындалған. Мәмбеталин мен Нарымбаев Facebook-те авторы "Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков" деген кітаптың үзіндісін жариялағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Белсенділер қазан айында үйлеріне тінту жүргізілгеннен кейін ұсталып, содан бері қамауда отыр. Мәмбеталин мен Нарымбаев өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG