Accessibility links

Ахметовтің адвокаттары сот үкіміне шағымданды


Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов (ортада) үкімді естіп тұр. Қарағанды, 11 желтоқсан 2015 жыл.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов (ортада) үкімді естіп тұр. Қарағанды, 11 желтоқсан 2015 жыл.

Экс-премьер, коррупция айыбымен 10 жылға сотталған Серік Ахметовтің адвокаттары Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді.

Ахметовтің адвокаты Николай Лесниктің Азаттыққа айтуынша, адвокаттар ұжымдық апелляциялық шағымды Қарағанды облыстық сотына берген. Лесник адвокаттар үкіммен келіспейтінін айтып, Ахметовті "кінәсіз" деп санайтынын жеткізді. Оның сөзінше, адвокаттарға апеляциялық шағымды қарау мерзімін айтпаған.

11 желтоқсанда Серік Ахметов 10 жылға сотталып, дүние-мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін мемлекеттік лауазымды қызмет атқаруына тыйым салынған. Судья Исламхан Есенбаев тергеу мен сот кезінде үйқамақта отырған Ахметовті сот залында қолына кісен салуға бұйырған. Бұл қылмыстық іс бойынша барлығы 21 адам сотқа тартылған. Олардың арасында Қарағанды облысының бұрынғы бизнесмендері мен шенеуніктері бар. Алты сотталушыдан басқалары өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG