Accessibility links

Сирия: Қоршаудағы аймақтардан тұрғындарды көшіріп жатыр


Жедел жәрдем көліктері эвакуацияланған адамдарды Забадани қаласынан әкетіп барады. Сирия, 28 желтоқсан 2015 жыл.
Жедел жәрдем көліктері эвакуацияланған адамдарды Забадани қаласынан әкетіп барады. Сирия, 28 желтоқсан 2015 жыл.

Белсенділер мен гуманитарлық қызметкерлердің сөзіне қарағанда, автобустар мен жедел жәрдем көліктері Сирияның қоршауда қалған аудандарынан жараланған сарбаздар мен бейбіт тұрғындарды отырғызып, Түркия мен Ливанға бет алған. Адамдарды тиеген бұл көліктер Сирияның қоршауда қалған аудандарын тастап шықты.

Сирия қақтығысына қатысты БҰҰ ара ағайындығымен жасалған келісім бойынша қоршауда қалған жаралылар мен бейбіт тұрғындарды эвакуация жасауға болады.

Ливанмен шекарада орналасқан, көтерілісшілер бақылауындағы, бірақ үкімет әскері қоршап тұрған Забадани қаласынан эвакуацияға жататын 120-дан астам бейбіт тұрғындар мен сарбаздар Бейрут (Ливан астанасы - ред.) әуежайына бет алып барады. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, бұл жерден олар Түркияға барып, сосын көтерілісшілер бақылауындағы аудандар арқылы Сирияға қайта өтеді.

Гуманитарлық қызметкерлердің Reuters-ке хабарлауынша, Сирияның солтүстік-батысындағы шииттер тұратын екі елде мекенде қоршауда қалған 330-ға тарта бейбіт тұрғын мен жаралы сарбаздар Түркияның Хатай қаласына барады. Олар бұл қаладан ұшақпен Бейрутқа, сосын Дамаскіге кетеді.

Бұған дейін Сирия үкіметі мен көтерілісшілер қақтығысты уақытша тоқтату туралы бірнеше рет келіскен. Бірақ эвакуация туралы келісім - соңғы бес жылда жасалған ең ірі уағдаластық болып отыр. Соғыс кезіндегі бейбіт тұрғындардың эвакуациясы бірінші рет Түркия мен Ливан арқылы жасалмақ.

XS
SM
MD
LG