Accessibility links

Зауытбек Тұрысбеков "Нұр Отан" хатшысы болды


"Нұр Отан" партиясының Астанадағы бас кеңсесі. (Көрнекі сурет).
"Нұр Отан" партиясының Астанадағы бас кеңсесі. (Көрнекі сурет).

"Нұр Отан" партиясының хатшысы болып Зауытбек Тұрысбеков тағайындалды деп хабарлайды осы партияның ресми сайты.

Тұрысбеков тағайындалғанға дейін Қазақстанның Украинадағы және Молдовадағы елшісі қызметін атқарған. Оған дейін Тұрысбеков президент әкімшілігі басшысының орынбасары, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, ішкі істер министрі, Қазақстанның Ресейдегі және Өзбекстандағы елшісі болған.

"Нұр Отан" Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік ететін партия саналады.

XS
SM
MD
LG