Accessibility links

Мұнай бағасы үш пайыз арзандады


АҚШ-тың Калифорния штатындағы мұнай бұрғысы. (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың Калифорния штатындағы мұнай бұрғысы. (Көрнекі сурет).

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 3 пайыздан астам арзандады. АҚШ-та өндірілетін WTI маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 36 доллар 81 центке, Brent маркалы мұнай бағасы 36 доллар 62 центке дейін төмендеді. Мұнай бағасы Жапонияда мұнай тұтынудың азайғаны туралы ақпараттан соң және Еуропада мұнай өнімдеріне сұраныстың азаюынан кейін арзандады.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) мәліметінше, мұнай нарығында тәуліктік ұсыныс сұраныстан екі миллион баррельге артық. Сарапшылар бұған қарап мұнай бағасы алда да арзандай береді деп болжайды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, мұнай сатумен айналысушы делдалдар алда WTI маркалы мұнай баррелі 32 доллар 50 центке дейін арзандайды деп болжайды.

XS
SM
MD
LG