Accessibility links

Шығыс Қазақстанда 9 ауылдық округте төтенше жағдай жарияланды


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында тоғыз ауылдық округте қалың қар басып қалғандықтан төтенше жағдай жарияланды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қар тоқтаусыз жауып, жолдарды жауып тастағандықтан Тассай, Шұғылбай, Биғаш, Мариногорский, Палацинский, Самара, Беленский және Көкпекті ауылдық округтерінде төтенше жағдай жарияланған.

Бұл ауылдарда сыртпен байланыс үзілген. Қазір ауданда төтенше жағдайды жою мен жолдарды ашу, жолда қалған адамдар мен көліктерді құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG