Accessibility links

Ходорковскийдің ресми адвокаты сот шешіміне шағымданды


"Открытая Россия" қозғалысының жетекшісі Михаил Ходорковский.
"Открытая Россия" қозғалысының жетекшісі Михаил Ходорковский.

Михаил Ходорковскийдің мүддесін қорғауға мемлекет тағайындаған адвокат Мәскеу сотына оны сырттай қамау туралы сот шешіміне шағымданды. 23 желтоқсанда Мәскеудің Басман аудандық соты "Открытая Россия" ұйымының негізін салушы, ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Ходорковскийді "кісі өліміне қатысы бар" деген күдікпен сырттай қамауға алу және халықаралық іздеу жариялау туралы шешім шығарған.

Ходорковский мемлекет тағайындаған адвокаттың сот шешіміне шағымына мысқылдады. Twitter-дегі жазбасында Ходорковский "Тағайындалған адвокаттың" менің қамалғаныма шағымданғанын естідім. Биліктің өз-өзімен қалай дауласып жатқанын бақылау ғанибет екен" деп жазды.

11 желтоқсанда Ходорковскийге Нефтеюганск қаласының мэрі Владимир Петуховтың өліміне тапсырыс берді деген айып тағылған. Ходорковский айыпты жоққа шығарып, тергеу ісіне қатысуға ниетті емес екенін мәлімдеген.

Ходорковский экономикалық қылмысқа қатысты сотталып, 10 жыл түрмеде отырған соң 2013 жылы желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путиннің рақымшылығымен босатылған. Қазір ол шетелде тұрады әрі "Открытая Россия" қозғалысын басқарады.

XS
SM
MD
LG