Accessibility links

Биыл әлемде 67 журналист қаза тапты


Reporters Without Borders ұйымы сайтындағы әзербайжандық журналист Хадиджа Исмайылды босатуды сұраған мәлімдеме. (Көрнекі сурет).

Reporters Without Borders ұйымы сайтындағы әзербайжандық журналист Хадиджа Исмайылды босатуды сұраған мәлімдеме. (Көрнекі сурет).

2015 жылы әлемде кәсіби қызметін атқарып жүріп кем дегенде 67 журналист қаза тапты деп хабарланды бүгін халықаралық екі ұйым жариялаған есепте. "Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders) халықаралық баспасөз еркін қорғау ұйымының 2015 жылғы сөз бостандығы туралы есебіне қарағанда, 67 журналистің үштен бірі салыстырмалы түрде бейбіт елдерде өз қызметін атқару кезінде алдын ала ойластырылған шабуылдан қаза болған. Ұйым қалған 43 журналистің өлімі анықталмаған күйі қалған дейді. Бұған қоса 2015 жылы 155 журналист түрмеге жабылған.

Ал Нью-Йоркте орналасқан Committee to Protect Journalists (CPJ) ұйымы биыл 69 журналист қаза тапқанын айтады. Ұйым есебінде 29 журналисті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырлары өлтіргені айтылған. Қаза тапқандар арасында биыл қаңтарда Парижде сатиралық Charlie Hebdo журналының редакциясына содырлар жасаған шабуылдан оққа ұшқан сегіз журналист бар.

XS
SM
MD
LG