Accessibility links

Нарымбаев адвокатының судьяға қарсылығын қанағаттандырмады


Алматының Алмалы аудандық сотының судьясы Тахлима Ахметова. 29 желтоқсан 2015 жыл.

Алматының Алмалы аудандық сотының судьясы Тахлима Ахметова. 29 желтоқсан 2015 жыл.

Алматыда азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың сотын жүргізіп жатқан судья Марал Жарылғасоваға білдірілген қарсылық қабылданбады. Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, Алмалы аудандық сотының судьясы Тахлима Ахметова Нарымбаевтың адвокаты Жанар Балғабаева берген қарсылықты қарап, оны қанағаттандырудан бас тартты. Сотты Жарылғасова ары қарай жалғастыра бермек.

Судьяға кезекті қарсылық бүгін Жарылғасова қамауда отырған Нарымбаев пен Мәмбеталиннің өздерін бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініштерін қанағаттандырмаған соң берілген. Мәмбеталин өзін кепілге босатуды, Нарымбаев қоғамдық белсенділердің кепіл болуы арқылы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуды сұраған. Сотталушылар өздерін денсаулықтарының нашарлауына байланысты босатуды сұраған.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев биыл қазан айында тұтқындалған. Мәмбеталин мен Нарымбаев Facebook-те авторы "Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков" деген кітаптың үзіндісін жариялағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Белсенділер қазан айында үйлеріне тінту жүргізілгеннен кейін ұсталып, содан бері қамауда отыр. Мәмбеталин мен Нарымбаев өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG