Accessibility links

Рақышев "Казкоммерцбанктің" бақылау пакетіне ие болды


"Казкоммерцбанктің" атауы, Алматы. (Көрнекі сурет).

"Казкоммерцбанктің" атауы, Алматы. (Көрнекі сурет).

Бизнесмен, "Казкоммерцбанктің" ірі акционері Кеңес Рақышев "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамының негізгі акционерлерінің бірі - "Alnair Capital Holding" инвестициялық тобының 28,8 пайыз қарапайым акциясын иелігіне алды.

Банк таратқан ақпаратқа қарағанда, "Alnair Capital Holding" компаниясымен жасасқан келісімнен соң Рақышев компанияның "Казкоммерцбанктегі" даусы мен акцияларына қатысты басқа да құқығына иеленген. Келісім нәтижесінде банктегі Рақышевтың тікелей және жанама бақылауындағы акция үлесі 56,75 пайызға жетіп, бизнесмен банктің бақылау пакетіне ие болған.

Биыл тамыз айында Рақышевтың "Alnair Capital Holding" инвестициялық тобымен алдын ала келісім жасасқаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG