Accessibility links

Ресейде ИМ-ге "қаржы аударған" екі қыз сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде екі студент қыз "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қаржылай қолдау көрсетті деген айыппен бес жылға сотталды. Тергеу деректері бойынша, Астраханда медициналық институтта оқитын Елена Аршаханова мен Саида Халикова "тұрмыстық заттар мен қолдан жасалған сабын сатып", ақшасын ИМ есепшотына "аударған".

2014 жылдың желтоқсанынан бері қамауда отырған Халикова ИМ-ге 43 мың рубль аударған деп танылды. Бірақ оның адвокаты қаржы "ислам қайырымдылық ұйымына аударылғанын" айтады.

Сот өкілі Ирина Жирнованың айтуынша, екі қыз да өз айыптарын мойындаған. Халикованың анасы қызына кінәсін "қысыммен мойындатқан" деп санайды.

Ресей билігінің мәліметінше, Ирак пен Сирияда ИМ сапында 2 мың 900 ресейлік соғысып жүр. Ресей ұлттық антитеррорлық комитетінің хабарлауынша, 2014 жылы елге күдікті 214 содыр қайтып оралған. Олардың 41-і қамалған.

XS
SM
MD
LG