Accessibility links

Ұлыбритания: Ерлі-зайыпты терактіге қатысты айыпталды


Лондон метро станциясы алдында тұрған полицей. (Көрнекі сурет).

Лондон метро станциясы алдында тұрған полицей. (Көрнекі сурет).

Ұлыбританиялық ерлі-зайыпты Лондонда 2005 жылы 7 шілдеде метрода болған жарылысқа 10 жыл толуына орай теракт жасауды жоспарлады деп айыпталды. 25 жастағы Мохаммед Рехман мен оның 24 жастағы әйелі Сана Ахмед Хан 29 желтоқсанда Лондонның орталық қылмыстық сотында кінәлі деп танылды.

Айыптаушы жақтың мәлімдеуінше, Рехман ұсталған 28 мамырда жарылса үлкен адам шығынына соқтыратын бомба жасауды бірнеше күнде аяқтамақ болған. Прокуратураның мәліметінше, Рехманда біраз химиялық заттар болған, ал үйінің артында жаттығу ретінде шағын жарылғыш затты іске қосуға дайындап қойған. Рехманның әйелі оған ebay сайтынан химиялық заттарды сатып әперіп, көмектескен. Рехманның өзі Twitter-де Silent Bomber бүркеншік атын қолданған.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Рехман Twitter-де өзінің парақшасына жазылғандардан қай жерде шабуыл жасауды анықтауға көмек сұраған. Ол "Westfield сауда орталығы ма әлде Лондон метросы ма?" деген твит жазған.

Ерлі-зайыптылар кінәлерін жоққа шығарады. Оларға сот үкімі кейінірек шығады.

2005 жылы 7 шілдеде Лондон метросында исламшыл жанкештілердің өз-өздерін жарып жіберуінен 52 адам опат болып, жүздеген адам жараланған.

XS
SM
MD
LG