Accessibility links

Германия: Украина шығысында бітім әлсіреп барады


Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Украина үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы бітім "әлсіреп" бара жатқанын мәлімдеді.

"Тіпті егер Украина шығысындағы жағдай күн тәртібінен жоғалған күннің өзінде де қол қусырып қарап отыруға болмайды... Бітім күннен-күнге әлсіреп барады" деді Штайнмайер.

Штайнмайер жаңа жыл мерекесі кезіндегі уақытша бітімнің бұзылғанын айыптап, тараптарды соғысты уақытша болса да тоқтату жөніндегі уәделерінде тұруға шақырды.

Штайнмайер Украина шығысында шиеленісті бәсеңдетуде біршама ілгерілеушілік барын айтқанымен, басты мәселелердің шешілмеген күйі қалғанына қынжылыс білдірді.

Штайнмайер сепаратистерді тұтқынға түскендер мен түрмеге жабылғандарды босатуға шақырып, ауыз су жеткізуді қалпына келтіруге және гуманитарлық ұйымдарды тіркеу туралы шектеуді алып тастауға шақырды.

"Біз жергілікті органдарға сайлауды 2016 жылы өткізуге және Минск келісімінде бекітілген міндеттердің толық орындалуына күш салуымыз керек" деді Германия сыртқы істер министрі.

XS
SM
MD
LG