Accessibility links

Норвегия: Иранға байытылмаған уран жөнелтілді


Тегерандағы ядролық реактор. (Көрнекі сурет).

Тегерандағы ядролық реактор. (Көрнекі сурет).

Норвегия Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келісім бойынша Иранға 60 тонна уран шикізатын жеткізуді қаржыландырып, жөнелтуге көмектескенін мәлімдеді.

Норвегия сыртқы істер министрлігі 29 желтоқсанда Норвегия радиациядан қорғаныс қызметінің сарапшылары "27 желтоқсанда Қазақстаннан Иранға уран концентраты жөнелтілуін тексеріп, бақылағанын" хабарлады.

Иран 14 шілдеде әлемдік державалармен жасасқан келісім бойынша өзінің әлсіз байытылған уранын Ресейге жіберіп, орнына байытылмаған уран алып жатыр. Келісім Батыс елдері қауіптенетін Иранды "ядролық қару жасау мүмкіндігінен" айырып, есесіне бұл елге салынған экономикалық санкцияларды жоюды көздейді.

Норвегия сыртқы істер министрі Берге Бренде Норвегия Иранның әлсіз байытылған уранын шикі уранмен айырбастауына көмектесу үшін 6 миллион АҚШ долларын бөлгенін айтады. "Осылайша, келісім талаптары орындалып жатыр және Иран енді ядролық қару жасамайды" деді министр.

XS
SM
MD
LG