Accessibility links

Төрт ел басшылары Донбастағы жағдайды талқылайды


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украина, Ресей, Германия және Франция президенттері 30 желтоқсанда Киев пен ресейшіл сепаратистер арасындағы бейбіт келісімнің орындалу жайын талқылау үшін телефонмен сөйлеседі.

Украина президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петр Порошенко 29 желтоқсанда Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонмен сөйлесіп, төрт жақты телефон келіссөзі алдында ұстанымдарын үйлестіріп алуды және Минск келісімінің орындалу барысын талқылаған.

Порошенконың баспасөз қызметі ресейшіл сепаратистер Донбаста "бітімді жиі бұзып, арандатушылық әрекеттерге баратынын", осы арқылы бейбіт келіссөзге қауіп төндіріп отырғанын айтады.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер екі жақты Рождество мен жаңа жыл мерекесі кезінде атысты тоқтатуға шақырды.

"Минск процесі 2016 жылы да жалғасып, биылғы жылдан да жақсырақ болады деп үміттенеміз" деді Украина қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Турчинов.

XS
SM
MD
LG