Accessibility links

БАҚ: 2016 жылы Байқоңырдан 18 ғарыш кемесі ұшырылмақ


Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Союз ТМА-19М" ғарыш кемесінің ұшырылу сәті. 15 желтоқсан 2015 жыл.

Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Союз ТМА-19М" ғарыш кемесінің ұшырылу сәті. 15 желтоқсан 2015 жыл.

2016 жылы Байқоңырдан жиырма шақты ғарыш кемесін ұшыру жоспарланып отыр деп хабарлады ғарыш айлағындағы дереккөздеріне сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Агенттік дерегінше, 2016 жылы Байқоңырдан 10 "Союз" зымыран тасығышы мен сегіз "Протон" зымыран тасығышы ұшырылады. Олардың үшеуі Халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізетін кемені алып ұшады. "Бұл - бұған дейінгі жылдардағы жоспардан аз. Соңғы он жылда Байқоңырдан жылына 30 шақты ұшырылым жоспарланып, оның 20-25 шамалысы ұшырылып келген" деген агенттік дереккөзі.

1957 жылдан бері Байқоңырдан 1450-ге жуық ғарыш кемесі ұшырылған.

XS
SM
MD
LG