Accessibility links

Брюссельде теракт қаупінен мерекелік шаралар тоқтады


Желтоқсан айындағы Брюссель. 2015 жыл.
Желтоқсан айындағы Брюссель. 2015 жыл.

Бельгия астанасында террористік әрекеттер болуы мүмкін деген қауіптің кесірінен мерекелік шаралар мен фейерверктер болмайды. Брюссель мэрі Иван Майордың сөзіне қарағанда, мұндай шешім 30 желтоқсан күні үкіметпен кеңесе отырып қабылданған. Қала басшысы "Мерекелік шараларды жасамайтын болдық. Дағдарыс орталығы зерттеуінен кейін осындай шешімге келдік" деген. Майор былтыр Жаңа жылды қарсы алуға Брюссель көшелеріне 100 мыңдай адам шыққанын айтып, "мұнша адамды тексере алмаймыз, тәуекел жасамайық деп отырмыз" деген.

Бұл мәлімдемелерден бір күн бұрын Бельгия федералдық прокуратурасы қалада мереке күндері шабуыл жасауды жоспарлаған екі күдіктіні ұстағандарын хабарлаған. Ақпараттарға қарағанда, олардың Парижде қараша айында жасалған терактілерге қатысы жоқ. Париждегі шабуылдарға Бельгия содырлары да қатысқан еді. Билік өкілдері CNN телеарнасына берген сұхбаттарында жоспарланған шабуылдарға "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) экстремистік ұйымының қатысы болмауы мүмкін екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG